"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Творческий отчет учителя

13.01.2017

Шығармашылық есеп 

    Әр

адам өз өміріне талдау жасай отырып,бұл өмірдегі өз орнын сезінетін кез келеді.

Бүгін ұстаздық жолымның бір шама шыңдалған сәтінде әріптестеріммен бөлісер кез

келді –ау деп ойлаймын.

   

Осыдан 23 жыл бұрын  Ортағаш орта

мектебінде ең алғаш ұстаздық еңбегімді бастамақ болып келген едім.

   

Әрине мектеп өмірінде болсын ,адамның өз жеке  өмірі болсын бәрі бірдей жеңіс пен

жетісіктерден құралмайды ғой. Бәрі бірдей жасқсы болса өмірдегі құлшыныста

азайып, мәні болмас еді.Сол өмірде кездесетін қиыншылықтардың дұрыс шешімін

таба білуді де ұстаз көрсетіп,бағыт –бағдар береді .Осындай ұстаздар үнемі

шәкірттерінің жанында әрі дос., әрі сырлас болса,шәкірт бақытты емес пе?Әсіресе

бастауыш сынып мұғалімінің атқарар міндеті ерекше.Бастауыш сынып мұғалімі өз оқушыларының екінші анасы деп

айтсақ қателеспейміз.

    

Еңбек еткен жылдары талмай ізденістің нәтжесінде мен де бір шама

жетістіктерге қол жеткіздім деп айта аламын. Атап айтсам:

   

2011-2012  оқу жылында 4 -сынып

оқушысы Өтежан Алуамен  «Кәдімгі қарағай»

атты тақырыпта ғылыми-зерттеу жобасын жүргіздік.Тәуелсіздіктің 20-жылдығына

арналған  «Жұлдызды 20 күн»

атты айдармен өткізілген аудандық

іс-шараға қатысып, Зеренді №1 орта мектебінде «Ғылым» күнінде Алуа өз жұмысын

қорғап,аудандық шығармашылық орталықтың арнайы дипломына және қымбат сыйлыққа

ие болды.

  

Шәкірт пен ұстаз ұлағатты сөз. Шәкірт пен ұстаз арасындағы

қарым-қатынастың жақсы болуы оқу-тәрбие сапасының жоғары болу

кепілдігі.Сондай-ақ білім сапасын көтеру барысында мұғалім үнемі ізденіс

үстінде болу керек, ол әр берген сабағын түрлендіріп беруді ойластыру қажет,ол

үшін қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеріп, жұмыс істесе сонда

ғана өзі күткен нәтижені алады.Міне,осындай қағиданы алға мақсат ете отырып, мен

«Оқу мен жазу арқылы  сын тұрғысынан

ойлау» жобасы бойынша жұмыс істеймін. Және жұмысым нәтижесіз емес. Шәкірттерімнің

жетістіктері менің жаңа технологияны меңгеріп, оқушыларға жеткізе  білуімнің жемісі деп білемін. Менің сыныбымда

6 оқушы білім алды. Олардың бесеуі қыз бала ,біреуі ер бала.

Оқушыларымның үлгерім сапасы 83% . 3

үздік, 2 екпінді,1 үлгеретін оқушым болды.Жұмыс барысында ұстанатын тұжырымым:

«Оқушылардың тіл байлығын арттыру».Осы мәселе бойынша оқушылармен СТО жобасының

стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын арттыруға жағдай

туғызып,ойын жүйелі ,ашық,нақты айтуға үйреттім.Атап айтсақ баланың пәнге деген

қабілетін ашуға,қызығушылығын ,белсенділігін арттыру үшін жекелей,топтық

жұмыстардың берері көп.Сонымен бірге оқушыларым газет беттеріне өз еңбектерін

жариялай білді.

 Тек

мектеп ішінде ғана емес,аудан, облыс көлемінде өз іс-тәжірибеммен бөлісіп

отырамын.

2012 жылы II халықаралық

әлеуметтік-педогогикалық инновациялар жәрмеңкесіне қатысып,арнайы сертификатқа

ие болдым.

2012 жылы Аудандық тамыз

конференциясында «әлеуметтік-педогогикалық инновациялар жәрмеңкесі» атты тақырыппен

пікір алмасу мақсатымен баяндама жасадым.

2013 жылы Тараз қаласында Қазақстан оқу

Ассоциациясы ұйымдастырған Республикалық 13 Ұлттық Оқу конференциясына қатысып,

«Баланың денсаулығы мен білімі 

ата-ананың жүрегінің тілегі» тақырыбына баяндама жасап, Қазақстан

оқу  Ассоциациясының алғыс хатына және

«Мұғалім карьерасы: Профессионализм және Көшбасшылық» сертификатына иелендім.

2013 жылы RWCT мұғалім сертификатына қол

жеткіздім.

2015-2016 жылдары облыс көлемінде  «Оқушылардың шығармашылық  қабілеттерін дамыту», «СТО-бастауыш

сыныптарда» аудан көлемінде «Баланың денсаулығымен білімі  ата-ананың жүрек қалауы»  және «Функционалдық сауаттылық»

тақырыптарында баяндама жасап,дөңгелек үстел ұйымдастырдым .

2012-2016жылдар аралығында RWCT облыстық

 ғылыми - практикалық  X ; XII; XIII  конференцияларына  қатысып, білімімді жетілдіріп арнайы

сертификаттарға ие болдым.

   

2015-2016 оқу жылының қыркүйек айында 1-ші сыныпты қабылдадым.Сыныпта

барлығы 5 оқушы. Оның 3-еуі қыз бала,екеуі ер бала.Сыныптың  сапалық пайызы I-II тоқсанда 80%-ды құрады.

   

СТО-жобасы бойынша 4-ші сыныпқа арналған дүниетану  пәнінен сабақ үлгі жоспарларының жинағын

жасадым.

   

2009-2010 жылдан бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісінің қызметін

атқарамын.СТО жобасымен жұмыс істеймін.Қоғамдық бірлестіктің мүшесімін,бірнеше

сертификат иегерімін.

    

Алда көптеген алынбаған асулар тұр. Сол асуларды алу үшін әлі де талай

жұмыстар атқарып,биік белестерден көрініп,өз шәкірттеріме мазмұнды да нәтижелі

білім беріп,Қазақстан Республикасының білімді,саналы азаматтарын тәрбелеп

шығару ең басты міндетім деп ойлаймын.

 

Просмотров: 288

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст