"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адам және отбасы 9-сынып

18.04.2017

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

 

№25 сабақ

Мектеп Ортағаш орта мектебі

Мерзiмі: 10.03.2017                                                                    

Тақырып: Адам және отбасы

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, сыйластық, достық.

Мұғалiм: Жумагулова А.М.

Сынып  9  Оқушылар саны: 11

 

Сабақ мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы

түсініктерін кеңейту арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.

Міндеті:

Білімділік Мейірімді қарым-қатынасқа

үйрету;

Дамытушылық Өзара достық қарым-қатынасын дамыту;

Тәрбиелік Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа,суреттер, нақыл сөздер, бейнеролик

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа

қатысуды тексеру.

5

Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

 

2.Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу

ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге

қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

    Елесететіп көріңіз: Күн нұры

сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта

тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.

Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды

шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп

күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.  Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле

шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға  көмектеседі. Нұр аяқтарарыңызға тарады. Аяқтарыңыз

нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге

апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

    Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,

тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және   

жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,

құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді 

ғана естейді. Нұр көздеріңізге 

де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің

басыңыз  түгелдей нұрға бөленіп,

басыңызға тек ізігі, сәулелі  ой

келеді.

    Нұр бірте-бірте қарқын және

шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы

нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға

бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да

бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық

адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның

барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: "Мен

нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің

жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

 

3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.

  25-сабақ. 141 бет. “Мен

оны пір тұтамын”

                                                                                        

Ж.Солтиева

ü  Мұраттың

басына қандай қиындық түсті?

ü  Мұрат

әйелін емдеуге қайда алып барды?

ü  Мұрат

пен әйелі елге қандай хабармен оралды?

ü  Мұратқа

басына түскен қиындықты жеңуге қандай күш көмек берді?

ü  Айналадағы

адамдарға өз мейіріміңді қалай білдіресіз?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз  «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі»

 Б.Момышұлы

1. Дәйексөздің мағынасын қалай

түсіндіңдер?

Үш рет дауыстап айту және

жұмыс дәптеріне жазғызу.

5.

Ана туралы бейнеролик. 3мин.

ü  Бейнероликтен қандай жағдайларды көруге болады?

ü 

Бақытты отбасын құру

үшін ең бастысы не деп ойлайсыңдар?

ü  Бейнероликтен 

кандай ой түйдіңдер?

  

 

6.Шығармашылық жұмыс, топтық

жұмыс. 15  мин.       

Оқушылар 2 топқа

бөлініп, 8 мин. тапсырма орындайды, 7мин. Қорғау жұмысын жасайды.

 

«Жеті атамызды білеміз бе?» тақырыбына геналогиялық тізбесін жасаңыз.

Отбасы мүшелерінің парызы постер жасау.

Топпен

жұмыс

8.Топпен ән айту. 3 мин                                  Әке

туралы жыр

Сөзін жазған М.Шаханов

                                             

           Әнін жазған Н.Тілендиев

Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың

Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын

Кім мөлдір болса соның жолдасымын

Қуан сен, қуана бер, әкетайым

Мен сенің өмірінің жалғасымын

  

 

9.Үй тапсырмасы. 2 мин.  25-сабақ. 148

бет. З.Жубанова.            “Туған күн”

Мәтінді  оқу.

Күнделіктеріне

үй тапсырмасын жазғызу.

10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

      Ыңғайланып отырыңыздар,

денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды

тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректерініздің түбіне

орналастырып қойыңыздар. Сабақ аяқталды. Рахмет.

 

 

Просмотров: 355

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст