"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гордость отцы

11.05.2017

Аталарым-мақтанышым

   Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес

халқының ержүректілігімен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын

күні. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің

сан үлгісін көсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы

қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған азаматтар тойлайды. Ұлы жеңіс күні елі мен

жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына , жақын-жарандарына, туған

жеріне , ауылына оралмай қалған ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.

 

Сол кездегі Кеңес

Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы

да өзінің лайықты үлесін қосты. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін қанды

майданда ажалмен бетпе-бет кездесіп, , қаруын қанға малған, жаумен шайқаста

ержүректілік көрсеткен менің де Ахметов Рымбек атты нағашы атамды бәрі біледі

деп ойлаймын. Қазіргі уақытта нағашы атам бұл өмірде жоқ. Бірақ та қалдырған

ізі мәңгілік екенін білемін.

Аталарымның

парасатты ісі-бүгінгі ұрпақтары бізге өнеге. Олардың өнегелі өмірлерін

дәріптеу, келешек ұрпаққа жан-жақты насихаттау біздің негізгі міндетіміз.

Ортағаш орта

мектебінің 6-сынып оқушысы Мұрат Ажар

Просмотров: 191

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст