Табиғатым!
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы,көңілге қонымды естілетін салиқалы
сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, ұлағатты ұлы ұғым, тұжырымы кең ой
жатыр десеңші!
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя
бесігі,құт – берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым.
Өйткені,адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы, сондықтан да адамның
табиғатты «ана» деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.Қазақ халқының бар өмір
тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп жатыр. Сан ғасырлар бойы
халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп, оның сан алуан
құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді.
Табиғаттың қатаң жағдайына ,түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп,өз
шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы
алақан,жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте
сезінді.Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып,ондай
қасиеттер атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер бүкіл адам баласын
ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған
тағылымдық та,тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына
көңіл бөлу ерекше қажет болып отыр.Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі
мен оны көздің қарашығындайсақтап келуі жайында қазіргі ұрпақтарға өнеге-
үлгі боларлық асыл мұралар, даналық ұғымдар түрінде, мақал- мәтел,нақыл
сөз,аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір мұраның өзінде
қаншама терең ой әрі тәлім- тәрбие жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз,әрбір
тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында осындай халық педагогикасы асыл маржанына
үнемі көңіл бөліп әрі пайдаланып отырулары тиіс. Өйткені қазіргі таңда табиғат
тағдыры ешкімді де тебірентпей қоюы мүмкін емес.Бұл арада ардақты
азаматымыз,ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мына бір жан тебіренісі мен
жүрек толғауы еріксіз ойға оралады:«Туған жердің тағдыры толғантпаған,
жаны тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті қайтіп азамат дейміз?Туған
жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да
мақтап жарытпақ емес».
Халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын
аңыз,әңгімелер де көптеп кездеседі. Соның бірі асқан ақыл иесі Төле би атамызға
байланысты айтылады.Ертедегі жоңғар шапқыншылығы кезінде ел
жерінен босып қашып жөнелген кезде Төле бидің үйін жықпай жұртта
отырғанын қалмақтың әскер басы көріп, оның
себебін сұрағында данышпан ата шаңырағына қарлығаштың
ұя басып балапан шығарғанын және сол
қызылшақа балапандарды қырып қырып алмау үшін
үйін жықпай отырғандығын айтқан. Мұны естіген әскер басы
ақсақалдың адам баласы сүйсінер ер қасиетіне разы болып, оның өзіне
де, қарлығаш балапандарына да тимеген екен деген аңыз бар.Бұл шын
мәнінде өмірде болған ақиқат.
5-сынып оқушысы
Құсайын Азамат