"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін – өзі тану» пәні бойынша өткізілген іс – шараның есебі

05.01.2020

Ортағаш негізгі мектебі

«Өзін – өзі тану» пәні бойынша өткізілген іс – шараның  есебі

 

01.10 - 12.12 аралықта Өзін – өзі тану пәні бойынша Ортағаш НМ іс – шаралар жүргізілді. 

Қыркүйек айының 08. 10 күні 5- сынып оқушыларымен өзін – өзі тану пәні мұғалімі Жумагулова Айымгул Мусулманбекқызының басқаруымен «Менің отбасым» атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Ашық сабақ өте қызықты, оқушылар белсене ат салысты.     

14.10 күні 8 - сынып оқушыларымен «Салауатты өмір – біздің болашағымыз» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында өзін – өзі тану пәнінің элеметтері көрсетілді. Сабақта мынадай әдістемелік тәсілдерді қолдандық. Олар: тыныштық сәті, дәйексөзбен жұмыс, шығармашылық, топтық тапсырмалар, топпен ән айту.

 

 

 

 

 

24. 10 күні мектеп психологы Каирбай Фарида Джангельдиновна ата – аналардың қатысуымен  «Менің балам қандай?» тренингін өткізді. Тренинг барысында әр түрлі мәселелер талқыланып, ата – аналардан арнайы анкета, «қаншалықты олар өз балаларын біледі» сынды түрлі тапсырмалар орындалып, кеңестер берілді.  

 

06. 11  бастауыш сынып мұғалімі Бикина Ризагул өзін – өзі тану пәнімен байланысқан, яғни интеграцияланған ашық сабақ үлгісін көрсетті. Ашық сабақ Әдебиеттік оқу пәнінен өткізілді. Сабақ барысында өзін – өзі тану пәнінің тыныштық сәті сынды элементтері қолданылды.     

18.11 Мұғалімдермен де «Рухани – адамгершілік білім тұрғысынан мұғалімдердің атқаратын рөлі» атты тақырыпта семинар өткізілген болатын.

 

 

 

02-06.12 аралығында «Қызықты ертегілер» атты сыныптан тыс іс- шара апталығы өтті. Оқушылар мәні терең ертегілерді таңдап, сахналап көрсетті. Оқушылар бойына осы көріністер арқылы адамгершілік қасиеттерін дамытып, өсет өнеге алды деген ойдамыз.

  

 

Есеп беруші Өзін – өзі тану пәнінің мұғаілімі:

Жумагулова А.М. Сызкен Ж.М.

Просмотров: 317


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст