"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гуманитарлық пәндер жетістігі

09.09.2019

     2018-2019 оқу жылында Ортағаш негізгі мектебінде ҚР Тілдер туралы заңның орындалуына арналған іс-шаралар туралы есеп


 Ортағаш негізгі мектебінде тілдерді оқыту сапасын көтеру жұмыстары оқу жылы бойында жалғастырылуда. Осы орайда төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

  • пәнді оқыту әдістемесін тиімді таңдау және қолдану;
  • жаңартылған білім беру мазмұны аясында қолданылатын критериалды бағалау жүйесін, формативті бағалауды оқушыларды ынталандыру мақсатында барлық сабақтарда пайдалану;
  • тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында сыныптан тыс шараларды жүйелі жүргізу;
  • тәрбие сағаттарын үш тілде өткізуді тәжірибеге енгізу;
  • білім сапасын көтеру мәселелеріне арналған коучингтер ұйымдастыру;
  • мектеп мұғалімлерінің жаңа технологиялар мен әдістерді пайдалану бойынша педагогтар арасында оқулар ұйымдастыру;
  • үш тілді қатар меңгерген педагогтар мен оқушыларды үлгі ретінде басқа оқушылар арасында кеңінен дәріптеу.

Гуманитарлық пәндер бірлестік жетекшісі және қазақ тілі мұғалімі Жусупбекова Шнар Рымбекқызы  2018-2019 оқу жылына арналған мектепішілік жоспар белгіленіп, оқушылардың бос уақыттары есепке алынып, пәндік және үйірмеге тартылғаны, сабақта және сабақтан тыс уақытта оқу-тәрбие жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, оқушыларды мектепте және сыныптан тыс оқу жұмыстарының барлық түрлері қамтылып, нысаналы жұмыстар атқарылғаны туралы айтты.

Қыркүйектің 5-18  жұлдызы аралығында «Бабамның тілі ұрпағына аманат» атты тақырыпта жас жеткіншектердің бойына халқының қадір қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгеріп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге, тіл мәртебесін көтеру маақсатында гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген мектепішілік онкүндік жұмысы жүргізілді. Онкүндік қызу дайындықпен өткізілді. Мерекелік іс шара  салтанатты жиынмен ашылып өз жалғасын тапты. Жоспарланған шаралар дер кезінде өткізіліп отырылды.

    Бикина Ризагүл Қойкенқызының басшылығымен «Бүтін билікке жеткен  Төле би»     тақырыбында көркемсөз оқу сайысы өткізілді. Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа  ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын оқытып үйрету мақсаты көзделді. 

Шекенова Гүлнар Жанайқызы, Оспанова Қымбат Мадатқызы, Жусупбекова Шнар Рымбекқызының ұйымдастыруымен 5-9  сынып аралығында  «Үш тұғырлы тіл саясаты оқушылардың болашағы мен мүмкіндігі» атты мерекелік іс - шара өткізілді.  Мақсаты:  ағылшын, орыс тілдері әлемдік тілдер қатарына жататындықтан жас шәкірттерге олардың маңыздылығын сезіндіру, ана тілінің қадір қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру. Ағылшын тілі мемлекеттік білім беру стандарты бойынша  алған білім деңгейін тексеру көзделді. Оқушылар шешендік сөздерді, мақал мәтелдерді ұтымды пайдалана білуге, шығармашылық қабілеттерін ұтымды пайдаланды.  Мерекені үш тілде 6-сынып оқушылары бастады.  Дариға: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар, тіл жанашырлары! Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі құтты болсын! (үш тілде).
Диляра: Добрый день дорогие учителя и ученики! Поздравляем вас с празником языка нородов Казахстана!
Жанерке:  Good afternoon! My dear teachers and pupils Welcome our language Happy holidays
 Оқушылар «Сұңқар», «Шабыт», «Дарын» атты 3 топқа бөліне отырып сайысқа түсті.  Сайыс 5 кезеңмен өткізілді.  Оқушылар үш тілде шапшаң, тиянақты түрде сұрақтарға жауап берді. Сайыс соңында жеңімпаздар марапатталды. Сайыста достық жеңді.

   Өткізілген сыныптан  тыс жұмыс пен оның жүргізу әдісінің мәні, балаларды
өмірлік тәжірибе жинақтауға ұмтылдырып, олардың жаңа ілімдерді
зерттеуге қызығушылығын арттыруға лайық болғаны сөзсіз деп ойлаймын .

  Жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың айтқандарын үйрету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарынттиянақты, жүйелі айта білуге, топ алдында еркін сөйлеуге баулу мақсаты көзделді. Жалпы, ұйымдастырылатын шаралар мағынасына сай, кең көлемді тақырыптарда жүргізілді деуге болады. Өткізілген іс- шаралардан оқушылар көп әсер алып, келешекте оларға пайдасы тиеді деген сенімдемін.   

ГПБ жетекшісі: Жусупбекова Шнар Рымбекқызы 

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст