"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

менің курстан алған әсерім

15.03.2019

                                                                      Эссе

    Менің курстан алған әсерім

 

Елбасының жолдауында «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстаздарға жүктелетін міндет ауыр» дегендей мен осы ұстаздық жолда жургендіктен, ел болашағын тәрбиелеуде өзімнің біліктілігімді арттыру мақсатында осы курсқа келген едім. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін асыру мақсатында тренер аянбай еңбек ету керек.

Ақпан  айының 04 күні мен 15-і күні аралығында Педагогикалық шеберлік орталығында   «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу» атты тренерлік курстан өттім.  

Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді  игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау  дағдыларын жетілдіру.

Курс барысында оқытудың заманауи технологияларының  қыр-сырын үйрендім.

 «Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу»  жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсынан  «Бұл не үшін керек?», «Бізді қалай оқытады?», деген сұрақтар  мазалады. Бұл курсқа келудегі мақсатым да осы сауалдарыма жауап іздеп, өзімнің кәсіби құзыреттілігімді жетіділдіріп,  бағдарламаны меңгеру болды.

Тиімді жұмыс жүргізу үшін топта қолайлы психологиялық ахуал орнату үшін тренеріміз оқытудың бұл аспектісіне көп көңіл бөліп отырды. Әр күніміз қолайлы психологиялық ахуал тудыру арқылы жұмыс жүрзізуден басталды. Біз әр сабақта ережелерді ұстануға тырыстық.  

Курста болған кезде өзімді оқушы ретінде сезіндім, топтық жұмыс оқытуда қаншалықты тиімді екеніне өз көзім жетті. Мен жаңа форматты үшінші (базалық) деңгейдегі курстан өткендіктен, өз тәжірибемде де топтық жұмыс түрін қолданып жүрмін. Ұстаз мықты стратег болу керектігін түсіндік.

Оқытуда білім технологияларын ықпалдастыру - мұғалімнің қарқынды дамуы мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері мен дағдыларының жетілу өзгерістерінің дәлелі. Бағдарламаның түйінді идеяларын ұғынуға көмектесетін, жаңа әдіс – тәсілдер мен күтілетін нәтижелермен таныстыратын, оларды игерудегі жетістіктерін бағалаудың тиімді жүйесін ұсынатын оқулықтар бетін парақтап, үйренуге қажетті нәрселерді игере бастадық.  Осы курстан көптеген әдіс-тәсілдер мен таныстым. Айта кететін болсам, ҰНДҚ әдісі, Мерседес әдісі, Фишбоун тәсілі, Әуе шары әдісі, «Бес сұрақ» әдісі, т.б. Осы әдіс-тәсілдерді болашақта өз тәжірибемде қолданамын. Біздің тренер тек әдіс-тәсілдермен ғана шектелмей көптеген видеолармен бөлісті. Осы курстан ашық сабақпен Lesson study –дің айырмашылын білдім. Мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы  курсы аясында мектеп тренерлері үшін кәсіби құзыреттіліктің жоғары болуының маңыздылығын ұғынған сияқтымын.

Түрлі әдістерді үйреніп, тренердің дағдыларын бағалау жолдарын бірлескен жұмыста көрдім. Әріптестерім топтарда жұмыс жасай отыра  өздерін жаңа қырларынан танытып, тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап отырды. Сонымен бірге топ мүшелері арасында талқылау, қорғау барысында көшбасшылық қабілеттерін таныту көрініс тапты. Әр күнге топта рефлексия жасап отырдық. Сабақтарымызда «Қалай оқу керектігін үйренудің»  мәнін ұғынып, мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттерін талқыладық. Жас ерекшелікке байланысты оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, тапсырма беруде шамадан тыс көп те емес, аз да емес болуы болуы керек.

«Кинометафора», «Социометрия», «Тақырыптық жаттығулар», «Модерация», «Миға шабуыл», «Бейнеталдау», «Социометрия» сияқты әдістер төңірегінде жұмыс жүргізіп, алгоритмдері бойынша топта талдау жасай отыра тәжірибе алмастық. Осы тақырыптар бойынша практикалық семинар өткіздік. Берілген тапсырма бойынша әр топ өзінің семинарын ұйымдастырып өткізді. Бағалау критерийлері, оқу жаттығулары және негізгі оқу мақсаттарының байланысын бірлесе зерттеу арқылы жеке тәжірибемізге енгізілген өзгерістер үдерісін байыптауын жетілдіре түстік. Топта өзін – өзі бағалауға арналған критерийлерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындадық. .:::.::.:..................................................................

Рефлексия мен кері байланыс  туралы ұғымымды кеңейте отырып, курс барысында осы екеуінің оқу үдерісінде қатар жүргізілетінін, кері байланыс  жүргізу арқылы рефлексияны да жасай алатынымды ұғындым. КЕрі байланыстың 4 түрімен таныстым. Олар: ауызша, жазбаша, дене қимыл арқылы, графикалық және сурет. Рефлексия мен кері байланыстың айырмашылығын айыра білдім.  Осы тақырыпқа байланысты тренеріміздің өткізген тренинг сабағы мен біздің тапсырмалар бойынша дайындаған таныстырылымымыз есте қаларлықтай әсер етті. Әр ісімізге, әр сабағымызға, ір әрекетімізге рефлексия жасау керектігімізді жадымда сақтадым. Әсіресе сыни ойлау арқылы рефлексияны жүзеге асырудың тиімділігін сезініп, қажеттілігін мойындадым.

Болашақта алдымен мен әріптестерімді замануи әдіс – тәсілдермен таныстырып, олардың кәсіби әлеуетін арттыру үшін коучинг, тренингтер өткіземін. Коучинг, тренинг-тренер мен әріптес мұғалімдердің белсенді, жасампаз және өзара әрекеттестік үдерісі деп ойлаймын. Тренер ретінде қалыптасып, әріптестерімнің іс – тәжірибесіне аз да болса өзгеріс енгізе алатыныма сенімдімін.. . Менің бұл курстан алған әсерім, үйренгенім көп болды. Ендігі мақсатым осы үйренгенімді жүзеге асыруға асығудамын. Білімді де, білікті, өмірден өз орнын таба білетін, білімін тәжірибеде іске асыра алатын, жан – жақты дамыған тұлға тәрбиелеймін.

. . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

 

Нурканова Шынар Балташевна

Просмотров: 702


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст