"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ортағаш ауылының орта негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік  мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  "Основная средняя  школа села Ортагаш отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сценарий для начальных классов "Золотая осень - 2018"

23.10.2018

Тақырыбы: « Алтын күз - 2018»

Мақсаты:

1. « Алтын күз - 2018» атты ертеңгілік кешінде оқушылардың

тапқырлығын, шеберлігін бақылау.

2. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала

отырып, оқушылардың кешке деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.

3. Ұйымшылдыққа, өз ойларын ортаға салып көрсете

білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Мерекелік безендіру: Күзге байланысты көрме мен

шарлар ілу, жапырақтар, нақыл сөздерт. б.

Жүргізуші:

Армысыздар, мейірімді ата - аналар, қымбатты

ұстаздар, оқушылар! Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя

бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің алатын орны ерекше. Күз

адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтанда да, адамдар күзді

берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден,

айналаның бәрі сап - сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі.

Күзде егінді жинап алатын болған ата - бабаларымыз «Сабан той» өткізіп, күз

берекесін тойлап отырса, әрбір мектепте осы күз мерекесін тойлау, кештер өткізу

дәстүрге айналған. Сол дәстүрді жалғастыра отырып,«Алтын күз - 2018»

мерекесімен құттықтаймын.


Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,

Көңілді серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!

Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!

Бүгінгі біздің бағдарламамызда:

Келтіретін әрдайым сезім күйін,

Көресіздер қызықтың неше түрін

Әншінің анықтаған әнін естіп,

Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.

Осылай бәрі - бәрі болып жатса,

Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.


Бағдарламада:

1. «Күз кереметтері»көрмесі

2. Күзгі костюм

3. Ойындар

4. Күзгі дастархан

 Жүргізуші:

   Нағыз

сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол - еңбек айы. Күз маусымының екінші айы

– қазан. Бұл ай – мереке басы. Өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы

айы - қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп - тегіс сүреңсіз. Жапырағынан

айырылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

Күз мейрамы құтты болсын баршаға,

 Күздің

сәні келіп қапты ортаға.

Әділқазы алқаларын сайлап өтсек....

Жүргізуші:

Біздерде ойын - сауық басталады,

Тамаша ән айтылып, би билейді. 

Қошеметтеп қол соғып отырайық,

Ұмытармыз күні бойы шаршағанды.

Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз

Еріксіз өзімізге қаратамыз - деп «Алтын күз -

2018» атты ертеңгілік кешке өнерлерімен келіп отырған даярлық тобы,1- сынып

,2-сынып  оқушыларын қошеметпен ортаға

шақырамыз.

Тақпақтарға кезек беріледі:

Би: «Қолшатыр биі»


Қош келдіңіз көрермен, 

Алтын күз-2018» кешіне. 

Отырыңыз қол соғып, 

Шат күлкіге бөлене.

Көбейді құт - береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Ендеше, құрметті көрермендер барша сынып

оқушыларына сәттілік тілей отырыңыздар.

Ойындарға кезек берсек,

«Жапырақ теру» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

Алдарыңыздағы шашылған жапырақшалардағы сұрақтарға жауап беру.

1 - сұрақ: Күз мезгілінде табиғат қандай

өзгерістерге ұшырайды? - Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге

түседі, құстар жылы жаққа ұшады. Адамдар, балалар жылы киінеді.

2 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Ағайынды бәрі,

Шықса – жасыл,

Түссе – сары. Бұл не?

Жапырақ

3 - сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді? - Ерте

күз, алтын күз, қара күз.

4 - сұрақ: Күз айларын ата. - Қыркүйек, қазан,

қараша.

5 - сұрақ: Жұмбақ шешу. Аспай піскен, қайнамай

түскен.

- Жеміс.

6 - сұрақ: «Мақал - мәтелді жалғастыр» 

1. Еңбек түбі --------------------

2. Еңбек етсең ерінбей --------------------

7 - сұрақ: Бес жеміс - жидектерді атап беру. -

Алма, алмұрт, жүзім, өрік, шабдалы.

8 - сұрақ: Бес көкөністерді атап беру. - Пияз,

қызанақ, орамжамжапырақ, картоп, сәбіз.

Әділқазылар бағаларын берсе.

Оқушылардың дайындаған күзгі тақпақтары

 Қыздар биі

«Флешмоб»


Жүргізуші:

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сынып әсем болар өз сәніменен - деп

қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған  (күзгі сән үлгілерін ) сынып болып киіп отыр.

Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.Әділқазыларымыз бағасын беріп қарап

отырса.


 «Сиамдық

егіздер»

Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол

қолы байланады. Оң қолы бос оқушы қолына қайшы ұстайды, сол қолы бос оқушы

қолына қағаз бетіне түсірілген өрнекті ұстайды. Екеуі бірігіп қағаздағы өрнекті

қиып шығуы керек.

Ақерке мен Ақмаржанның биі.


Жүргізуші «Күз кереметтері» бөлімінде

қатысушыларымыз күзгі сыйдан өз шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген

туындыларымен таныстырсын. Олай болса, сыныптарымыздың өздері дайындаған табиғи

материалдан әкелген жұмыстарын таныстырып өтсін. Және де әділ қазылар алқасы да

қарап бағалап жіберсе.

 «Сұр

мерген»

Шарты: Жұптардың қолдары байланады. Байланған

қолдарымен себетке алманы лақтырып түсіруі керек.

Ақерке флешмоб.


 «Бояулар

сыры»

Шарты: Екі ойыншының көздері байланып, қолдарына

қарындаш пен бояулар беріледі. Екеуі бірігіп жеміс - жидектердің суретін салуы

керек.( алма, алмұрт, қарбыз, лимон, т. б.)

«Суреттер сөйлейді»ойыны әр сыныптан ойыншылар орындыққа

отырғызылады .Оларға сурет бойынша сұрақтар қойылады.


Жүргізуші: Білім - теңіз, мектепті кеме дейміз,

Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,

Әдемі мен тәлімі үндесетін,

Жастарды болашаққа жетелейміз.

Жеңістер мен жеңілістен тұратын

Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын.

 Жеңбедім

деп, жеңілдім деп ренжімегің,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.

Қош демейміз, әлі талай кештер  бар

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

 Ойлы орта

кеңейсін күннен – күнге

 Өскен

елдің жұртынан қалыспаңдар,- деп отырып бүгінгі «Алтын күз - 2018» байқауының номинацияларын

жариялау үшін ортаға құрметті әділқазылар алқасын шақырамыз.

 

    Құрметті көрермен қонақтар біздің кешімізді

тамашалауға келгендеріңізге көп рахмет! Оқушыларымыз биік шыңдарды бағындыра берсін

дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз!

Просмотров: 293


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст